Конфликтіге дейінгі кезеңде бейтараптық сақтай отырып, тараптардың мәселе бойынша ашық, салмақты пікір айтуына мүмкіндік беріңіз. Мақалаңызды (репортажыңызды) солардың пікірталас алаңына айналдырыңыз. 

Мәселені шешудің жолдарын көрсетуге тырысыңыз. Ол үшін арнайы мамандардың, бейтарап тұлғалардың көмегіне сүйенуге болады. Журналистің қолында кикілжіңнің алдын алуға болатын үлкен күш бар екенін түсініңіз. Қарулы қақтығыстардың басым көпшілігі осы кезеңде журналистер бейтараптық сақтай алмағаннан болады.