Дата журналистке 7 кеңес

  1. Датаны жинамастан бұрын ойыңызда белгілі бір тақырыптың сұлбасы болғаны дұрыс. Мәселен, «Оқу бағасының қымбаттауы». Енді осы тақырып аясында дата жоба жасайтын болсаңыз, оқу бағасы туралы мәліметтермен танысып, оқу орындарынан деректер жинастырасыз. 
  2. Датаны жинақтаған кезде бөлек кестеге «Датаның өмірбаянын» жазған дұрыс. Яғни, қағазға немесе құжат файлға деректі қайдан алғаныңызды, оны кім жариялағанын, қашан жариялағанын, т.с.с. деректерді тізіп отырасыз. Бұл кейін мәліметті саралағанда не себепті өзара үйлеспей тұрғанын түсінуге көмектесе алады. 
  3. Датамен жұмыс істемес бұрын негізгі нұсқасын бір жерге көшіріп, сақтап қойыңыз. Себебі жұмыс барысында файлдағы кесте өзгереді. Ең соңында негізгі нұсқасына қайта оралатын жағдай туындағанда түпнұсқасын таппай қалуыңыз мүмкін. 
  4. Датаны сараптағанда жасаған әрбір өзгерісті «Өзгеріс парағына» жазған дұрыс. Әсіресе, Excel файлындағы бағандарды өзгертсеңіз немесе категория атауларын өзгертсеңіз, т.с.с. әрекеттерді түртіп алып, жазып отырған жөн. Кейін есептеуден қате туындаса, «Өзгеріс парағына» көз жүгіртіп, қай жерден сүрінгеніңізді көре аласыз. 
  5. Датаның ішінде оқиға табылуы үшін деректерді белгілі бір уақыт аралығындағы көрсеткішпен салыстыру керек. Мысалы, Алматыдағы көлік апаты болса, онда кем дегенде жарты жылдық деректі қараған жөн. Себебі бір айдың ішіндегі дерек арқылы тұжырым жасау қате қорытындыға әкелуі мүмкін. 
  6. Датаны визуализациялағанда қарапайым әрі түсінікті болуды естен шығармаңыз. Оқырман «Бұның маған не керегі бар?» деп сұрап тұр деп ойлаңыз да, датаңыз нақты жауап беріп тұрғанына сенімді болыңыз. 
  7. Датаның көзін көрсетіп қойыңыз. Сізден кейін де дата журналистер қолдансын.