Ракурс

Айталық, елге танымал тұлға, саясаткер келеді делік. Әдетте ол жөнінде барлық БАҚ жазады. Нәтижесінде сол туралы жаңалықтардың барлығы біркелкі болады. Дәйексөздер, кіммен кездесіп, қайда барғанының сипаттамасы. Оның үстіне, ол тұлға не айтып, оны жұрт қалай қарсы алатынын алдын ала болжауға да болады. Кейде эксперттердің пікірі де кездеседі.

Бұл туралы өзіңізше, өзгеше етіп қалай жазуға болады? Әдетте журналистер эксклюзив алуға – сұхбат алып, ерекше сұрақ қойып, ерекше кадр түсіруге тырысады. Бірақ мұның бәрі сізге емес, ол тұлғаның журналистермен сөйлесуіне мүмкіндік беріле ме, ол сұрақтарға жауап беруге келісе ме дегендей көптеген факторларға байланысты. 

Сондықтан, тақырыпты өзгеше ракурстан ашуға көмектесетін, «эксклюзивке» кепілдік беретін өзге жолдарын меңгеріп алуды ұсынамын. 

Оны өзімше  бақылау, оқу, есептеу, салыстыру, себеп/болжам деп атадым. Яғни, қандай да бір оқиғаға сараптама жасау үшін: 

- оның «кейіпкерлерін» мұқият бақылап, оқиға қалай өрбігенін қадағалаңыз; 

- тақырыптың мәнін, мағынасын ұғу үшін сараптау нысаны туралы көбірек оқыңыз;

- нені есептеуге болатынын қараңыз. Кейбір тақырыптарда есептейтін дәнеңе жоқ демеңіз. Джаз-фестиваль туралы айтып отырсаңыз да, оның бюджетін, қатысушылар мен көрермендер санын есептеуге болады; 

- осы тақырып аясында не нәрселерді салыстыруға болатынын мұқият іздеңіз. Кей кездері тақырып аясынан шығып, салыстыруға келместей көрінетін нәрселерді салыстырған да пайдалы; 

- бұл неліктен болғанының себебін тауып, салдары қандай боларына болжам жасауға талпыныңыз.

Айталық, «нысанды» мұқият бақылап, ым-ишара әдеттеріне назар аударуыңызға, сөйлегенде жиі айтатын сөздеріне, қандай да бір тақырып бойынша не айтқанына, ол атаған дәйектер мен сандарда айырмашылық бар-жоғына, оның алдында сөйлеген адам не айтқанына мән беріп, назар аударуыңызға болады. Не болмаса, оның дәл осы қазір келуінің себебі неде екенін, оның салдары қандай болатынын, қандай да бір салада қандай өзгерістерге алып келетінін ойланып көруге тырысыңыз. 

Күнделікті жаңалықтар мен ақпаратқа да осы тұрғыдан қарауға болады. Үйреншікті көрінетін тақырыптардан да күтпеген тосын ракурс табуға болады. 

Мысалы, Vласть интернет-журналының шолушысы Маргарита Бочарова Президент жолдауына жаңа көзқараспен қарапты.

Әдетте БАҚ бұл тақырыпта креатив көрсетпей, дәйексөз келтірумен шектеледі. Vласть басылымындағы әріптесіміз лексикалық геобасымдықтарға мән беріп, Елбасы Жолдауларында қандай елдерді атағанын сараптап шығыпты. Назарбаев 43 елді, оның ішінде баяғыда жоқ болып кеткен елдерді де атағаны анықталды. 

Сондай-ақ, президент Қазақ хандығын бір де бір рет атамай, Алтын орда мен Көк орданы бір рет қана атап өткені де қызық. Жолдауда тұрақты түрде «советское» айтылса, «Еуропа» «Орталық Азиямен» бірдей аталады. Ең көп аталатыны – «Ресей» мен «Қытай», ал «АҚШ» – үшінші орында. 

Мұндай ракурс оқырманның көңілін көтеріп қана қоймайды. Сарапшылар үшін бұл – президенттің және оның спичрайтерлерінің қалауының көрінісі. Бастысы – тақырып жаңа бояумен құлпырып, оқырман эксклюзив ақпаратқа ие болды.

Осы ұстанымдардың әрқайсысын жеке-жеке қарастырайық.