Бақылау

Журналистикадағы үздік «бақылаушылардың» бірі «Коммерсанттағы» Андрей Колесников екенін білеміз.

Өзгелер байқай алмайтынды байқайтын Колесников оқиғаны сол қалпында визуалдап, оқырманға сөздің майын тамыза отырып жеткізудің шебері. 

Адамның қимыл-қозғалысын, жүріс-тұрысын, киген киімін, сол бөлменің жасауын, спикердің сөздерін, келтірген дәйектерін бақылай отырып, баяндап отырған тақырыбыңызды жаңа қырынан ашып, жаңа авторлық стиль тудыра аласыз.