Оқу

Бұл журналистің тақырып бойынша жұмыс істеу барысындағы қажет кезең. Тақырыптың бэкграундын зерттей отырып, қызықты деталь, сандар мен фактілерді табуға болады. 

Айталық, жаңа өндіріс нысанын іске қосу жөнінде материал жасамақ болсаңыз, ондаған әріптесіңіз жазатын материалдан өзгеше дүние тудыру үшін не оқу керек?  Менің кеңесім: сол өндіріске қатыстының бәрі (трендтер, өзіндік құн, экологияға зияны), сол өңірдің демографиялық және әлеуметтік-экономикалық жағдайы, компанияның тарихы мен оның иелерінің өмірбаяны. 

Мүмкіндігінше мұның бәрін алдын ала оқып алған дұрыс, сонда, кем дегенде орынды, дұрыс сұрақ қоя аласыз.