Санау және салыстыру

Санау сатысы журналистке аналитикалық тұрғыдан салыстыру үшін керемет идеялар бере алады. Кейде, бір қарағанда салыстыруға келмейтіндей көрінетін дүниелерді салыстыруға, сөйтіп тақырыпты ерекше етіп ұсынуға болады. Сондықтан да осы екі кезеңді бір бөлімде ұсынуды жөн көрдім. 

Мысалы, жоғарыда аталған Vласть  интернет-журналындағы мына мақалада «Эквивалент: Vласть посчитала, от чего надо отказаться сельчанину ради доступа в интернет»  Қазақстанның ауылдық аймақтарын интернетпен қамту мәселесі сипатталады. Бірақ, ауыл тұрғындарының интернет-трафикке жұмсайтын шығындарын көрнекі ете түсу мақсатымен, автор интернеттің бір айлық ақысын төлеу үшін олар неден бас тартуы керек екенін есептепті. 

Басқа да мақалаларда осындай ұстанымды кездестіруге болады, мысалы: «Эквивалент: Цена внедрения «Онай»

Авторы – Тоғжан Қалиасқарова «Оңай» жүйесін енгізу шығындарын есептеп, оқырманға тосын салыстыру көмегімен ұсыныпты. 

Esquire журналы да есептеуге, сандарға, салыстыруға креатив тұрғыдан келеді.