Салыстыру/Себеп/болжам

Мұнда да бөлімдерді біріктіріп отырмын. Себеп-салдар және салыстыру сараптама әдістері туралы айтып отырғандықтан, бұл тұрғыдағы ең маңызды кезең – оқу екенін атап өтуім керек шығар. Өйткені, оқусыз салыстыру да, есептеу де толыққанды әрі сапалы бола алмайды. 

Сонымен, қандай да бір оқиғаның (теракт делік) себептері мен салдарын қалай анықтауға болады? Материалға қызық ракурсты қайдан табамыз? Жай ғана «неліктен?» деген қарапайым сұрақпен шектеліп қалмауға кеңес беремін. Сұрақтарды алуан түрлі етуге болады, мысалы: 

Себебі:Салдары: 
Кімге тиімді? (бұл жалпы «журналистика классикасы»)
Не ықпал еткен? 
Қалай ықпал еткен? 
Неліктен ықпал еткен?
Бәрінен артық ықпал еткен не? 
Арты не болады? 
Неге ықпал етеді? 
Не нәрсеге, неліктен және қалай ықпал етуі мүмкін? 
... әсері қандай болады? 


Соңғы сұрақтың бірнеше нұсқасы бар. Осы тұста жалпыға белгілі PESTLE (Political, Economic, Social, Technological, Legal, Environmental) аббревиатурасын еске алуға болады: осы қандай да бір оқиға не нәрсеге ықпал етуі мүмкін екенін сараптағанда осы салаларды бір шолып өтсе болады. Бұған демография, білім, қауіпсіздік және сараптау нысанына байланысты басқа да салаларды қосуға болады. 

Сәйкесінше, оқиғаның салдарын болжауға талпынып, бір сұрақ қойып, оған жауаптың бірнеше нұсқасын табуға болады. Және олардың әрқайсысы бөлек сараптама және мақала тақырыбы бола алады. Сонымен, «Х оқиға ... әсері қандай болады?»:

ЭкономикаӘлеумет 
Табыс деңгейі 
Баға деңгейі (азық-түлік, жылжымайтын мүлік, көлік,   жанар-жағармай)... 
Тіршілік минимумы 
Атқарушы органдардың бюджеттік ассигнациялануы артуы   /кемуі 
Атқарушы органдардағы қызметкерлер саны артуы 
Жұмыссыздық 
Қауіпсіздік/криминал
Білім беру
Денсаулық сақтау
Этносаралық қатынастар
Конфессияаралық қатынастар 
ҚұқықСаясат
Заң актілері 
Нормативтік актілер (қаулылар, бұйрықтар, жарлықтар,   нұсқаулықтар) 
Қылмыс деңгейі
Қылмыстардың ашылу деңгейі 
Жаңа штат бірліктері/жаңа қызметтік міндеттер құрылуы
Өкілеттіліктердің қайта бөлінуі 
Рейтингтер (?)
Тағайындау/орын ауыстыру
Мемлекеттік органдар арасындағы қатынастар (ықпалдың   күшеюі/әлсіреуі, қақтығыстар, ықпал үшін, өкілеттіліктер үшін, бюджеттен   қаржыландыру үшін күрес) 
Халықаралық қатынас (виза режимі күшеюі/әлсіреуі, сауда   қатынасы, инвестиция)  

Бұл тек сұрақ қойып, жауап іздеудің мүмкін нұсқаларының бір бөлігі ғана. Осындай кестені үнемі қолда ұстаған дұрыс.