Салыстыру

Журналист нені және немен салыстыруына болады? Айталық, министр ауыл шаруашылығындағы, білім берудегі немесе құрылыстағы жаңа көрсеткіштерді атады. Ол көрсеткіштерді былайша салыстыруға болады: 

1. өзге мемлекеттермен

  • Белгілі біреулерімен (аймақ бойынша)
  • Серіктестермен (бірлестіктер бойынша – ЕАЭО, ШСҰ, т.б.) 
  • Әлем бойынша орташа көрсеткіштермен
  • Салыстыруға келетіндермен:
  • Халық саны бойынша
  • Халық түрі бойынша (қала/ауыл халқының үлесі)
  • Халықтың жасы бойынша (жастардың үлесі және т.б.)
  • Гендер бойынша (ерлер/әйелдер үлесі)
  • Аумағы бойынша
  • Геосаяси орналасуы бойынша
  • Климаты бойынша
  • Климаттық белдеу бойынша
  • Шекара сипаты (ұзындығы, ашықтығы, ландшафт және т.б.) бойынша
  • Көрші елдер саны бойынша
  • ЖІӨ мөлшері (экспорт көлемі) бойынша
  • ЖІӨ өсу қарқыны бойынша
  • Экономика түрі бойынша (аграрлық/өнеркәсіптік секторлар үлесі) бойынша
  • Экономика ерекшеліктері (шикізат және басқа секторлар үлесі) бойынша 
  • Мемлекеттік құрылыс түрі бойынша 
  • рейтинг/индекс жөніндегі көршілер бойынша

рейтинг/индекс бойынша:

  • көшбасшылармен 
  • көш соңындағылармен
  • белгілі бір елдермен
  • серіктестермен
  • рейтингте қатар тұрғандармен

Осы арада елдердің қандай рейтингтері мен индекстерін білесіз деген сауал туындайды. Олар көп. Біразын ғана атайық: 

  • бәсекеге қабілеттілік рейтингі;
  • Transparency International сыбайлас жемқорлықты қабылдау рейтингі;
  • Джини коэффициенті (Gini coefficient, Corrado Gini, 1912);
  • Кедейлік индексі (Poverty index, Amartya Sen);
  • Робин Гуд немесе Гувер индексі (Robin Hood index or Hoover index);
  • Тейл индексі (Theil index);
  • Сьют индексі (Suits index);
  • Адам кедейлігі индексі (Human Poverty Index);
  • Өмірдің физикалық сапасы индексі (Physical Quality-of-life Index, PQLI, Morris David Morris, 1975);
  • Гендерлік даму индексі (Gender-related Development Index, GDI);
  • Gender Empowerment Measure, GEM;
  • «Жалпыұлттық бақыт» (Gross National Happiness, GNH, Jigme Singye Wangchuck, 1972);
  • «Бақытты ғаламшар» индексі (Happy Planet Index, HPI, New Economics Foundation, 2006);
  • Экономикалық әл-ауқат өлшемі (Measure of Economic Welfare, MEW, Nordhaus and Tobin, 1972);
  • «Тұрақты» ұлттық табыс (Sustainable National Income, SNI, Roefie Hueting, 1974);
  • Тұрақты экономикалық әл-ауқат индексі (Index of Sustainable Economic Welfare, ISEW, Daly and Cobb, 1989);
  • Адам дамуы индексі (Amartya Sen, Mahbub ul Haq, Gustav Ranis, Lord Meghnad Desai, 1990);
  • Нағыз прогресс индикаторы (Genuine Progress Indicator, GPI, Daly, Cobb, and Lawn).

Қандай да бір көрсеткіштерді, елдерді, өңірлерді... кез келген дүниені тағы қалай салыстыруға болады: 

Өзгерістерін салыстыру: 

  • өткен жылдарға қарағандағы
  • түрлі кезеңдердегі
  • кеңес дәуіріндегіге қарағандағы
  • кеңес дәуірінің белгілі бір кезеңдеріне қарағандағы 
  • болжамдық деректермен 

3. Ішкі салыстыру:

  • өңірлер арасында
  • салалар арасында
  • әлеуметтік топтар арасында (қала-ауыл, мамандықтар, қызмет түрлері, жыныс, жас). 

Осы дүниелердің бәрін журналист жұмысында оңай пайдаланып, креатив шешімдер таба алады. Сараптама материал әзірлеуде ғана емес, репортаж, жаңалық, мәтін немесе видеода да қолдана алады. Инфографикада да осы нұсқаулықты басшылыққа алған жөн.

Тағы да мысал ретінде Vласть материалын ұсынғым келеді: «Инфографика. Параллели: ВРП как ВВП»

Автор Қазақстанның өңірлерін өзге елдермен салыстырып, көлемі жағынан сәйкестендіруге келетін экономикалар тауыпты.