Медиаменеджерге арналған SMM

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлер соңғы екі-ақ жылдың ішінде әлемдегі бүкіл интернет БАҚ-ты «жұтып қойды» десек, қателеспейміз. Facebook айлық аудиториясы – 1,9 млрд, Instagram – 700 млн, Whatsapp – 1,2 млрд, ВКонтакте – 1,2 млрд адам, Одноклассники – 300 млн (2017 жылғы 11 мамырдағы дерек бойынша). Facebook желісінің тәуліктік аудиториясы 2015 жылдың тамыз айында-ақ миллиард пайдаланушыдан асып түскен. 


Мұндай аудитория әлемдегі кез келген БАҚ үшін арман, Alexa ғаламдық рейтингінде 50 көшбасшының арасында бар болғаны екі медиа (Netflix и NTD TV) алғашқы 40 көшбасшы қатарына енген және олардың рейтингі әлеуметтік желілерден әлдеқайда төмен. 

Қазір жаңалықтар сайттарда емес, әлеуметтік желілерде өмір сүреді, басқа контент те тұтастай сол желілерде өмір сүреді және талқыға түседі. 

Медиаменеджер бұдан қандай ой түюі керек?

1.Егер сіздің ресурсыңыз әлеуметтік желідегі аудиториямен жұмыс істемейтін болса, нарықта жеңілдіңіз деген сөз. Қазір мен Айқындық Капитанының рөліндемін, соған қарамастан, неге бұлай екеніне тоқталу маңызды деп санаймын. 2000 жылдың өзінде Пойнтер университеті жүргізген зерттеу нәтижесі пайдаланушылардың веб-сёрфингтегі мінез-құлқын зерттей келіп, пайдаланушылардың мақалаларды оқыған уақытта бір мезгілде бірнеше терезені ашып, түрлі ресурстан бірнеше материалды қатар оқитынын анықтаған. Орташа статистикалық пайдаланушы нақты бір дерек көзіне байланып қалмайды.

2016 жылғы пайдаланушылардың мінез-құлқын зерттеу нәтижесі орташа пайдаланушының жаңалықты қай сайттан оқығанын есінде де сақтамайтынын көрсеткен. Пайдаланушы үшін ол желідегі нақты бір ақпарат көзімен байланысты емес, интернетпен байланысты контент. Бұл сіздің контентіңіз тек сайтта ғана емес, пайдаланушы күн сайын пайдаланатын ортада да қолжетімді болуы керектігін көрсетеді, яғни көзге түсу үшін күн сайын пайдаланылатын ортада болу керек.

2.Әлеуметтік желілер сіздерді «жұтып жібергеніне» қарамастан, олар – сіздердің достарыңыз. Барлық ірі әлеуметтік желілер (кейде мессенджерлер де) медиа үшін құралдар жасап қояды. Оларға да пайдаланушы зерігіп, аккаунтынан шығып кетпеу үшін кәсіби мамандар жасаған контент керек. Мықты маман осы құралдарды өз медиасы үшін қызмет етуге мәжбүрлейді.

3.Ешқандай аутсорсқа жол жоқ. Сіздің СММ маманыңыз тек қана сіздікі болуы керек. Аутсорстағы маман мұндай қызмет көрсететін компанияның ішіндегі үздігі болуы мүмкін, туиттердің «құдайы» және фейсбуктің жебеушісі болуы мүмкін, бірақ сіз оның кішкентай (егер маман жақсы болса) немесе үлкен (егер орташа болса) клиенттер гаремінің бір кішкентай бөлшегі ғана боласыз. Аутсорстағы маманды/компанияны «бір сағатқа жалдайтын күйеу» секілді пайдалануға болады, яғни егер ресурсыңыз үлкен болса, өзіңіздің жеке СММ маманыңызды немесе СММ редакцияны дайындау үшін пайдалануға болады. Неге олай екенін білу үшін СММ маманыңызға арналған осы мақаланың соңғы бөлімін оқығаныңыз жөн.