Әлеуметтік желілер және редакция

Тексерістен өткен тәжірибемізбен бөліссек, редакциялар, соның ішінде әсіресе жуырда ғана желіге шыққан мерзімді басылымдардың редакциялары әлеуметтік желілерді не істейтінін білмейді. Соған қарамастан, кәсіби ортада қазақстандық (тек отандық қана емес) әріптестерге қатысты «О, Құдай-ай, тағы да Фейсбуктен жаңалық жасапты» деген айыптауды жиі кездестіреміз. Бұл күлкілі айыптау, ол үшін мақаламыздың басында келтірген әлеуметтік желі пайдаланушыларының статистикасын есімізге қайта бір түсіріп қойсақ жетіп жатыр. Егер редакция жұмысын жалғастырғысы келсе, бірнеше фактіні қабылдауына тура келеді. 

Әлеуметтік желі қоғамдық санаға кез келген медиадан гөрі күшті әсер етеді

Трендсеттерлер, жұлдыздар мен спортшылар өздерінің Facebook және Instagram аккаунттарында өте белсенді. Егер қазақстандық сегментті алатын болсақ, Ержан Рашевке медиаресурс ретінде қарамасқа лаж жоқ (2017 жылғы мамыр айының басындағы көрсеткіш бойынша, Facebook желісінде 29 000 жазылушысы бар), ол «Время» газетінен гөрі 15 есе тиімді және танымал (дәл осы кезеңдегі жазылушы саны – 1800). Немесе, «Время» газетінің колумнисі Төлеген Байтүкенов (5000-нан астам жазылушы) медиа есебінде өзі қызмет ететін газеттен гөрі тиімді. Осыдан келіп аса маңызды тармақ туады:

Әлеуметтік желідегі әр адам – жеке медиаресурс


Халық брендтерге қарағанда адамдарға сенеді. Яғни, Facebook желісінде сіз аудиторияның назары үшін саны жағынан әрі кеткенде жиырма-отыз болатын бір ақпараттық кеңістікте қызмет етіп жатқан әріптестеріңізбен емес, миллиондаған, бәлкім жүздеген миллион жеке медиаресурстармен бәсекеге түсесіз, барлығы жазбаларыңызды жариялау тіліне ғана байланысты. Бұл бәсекенің шеңберінен, егер клингон тілінде жаза бастамасыз, ешқашан шыға алмайсыз.

Сіздің СММ маманыңыз осыны түсінген уақытта «өз бетіңіз бар медиаңызды» әрбір белсенді әлеуметтік желіден ашып береді. Сондай-ақ, ол әлеуметтік желідегі трендтерді де бақылап отырады, сондықтан күйіп тұрған тақырыпқа өзгеше материал дайындап беруді өтінсе, ойлануыңызға тура келеді. Мәселен, Facebook желісіндегі кезекті вирусқа елігу басталған уақытта бәсекелес әріптестеріңіз нақты осы вируспен қалай күресу керектігі жөнінде материал жариялайды.  Ал сіздердің сайтта лайфхактар бөлімі бар, СММ маман Facebook желісіндегі аса танымал вирустар мен оларды жою жөніндегі нұсқаулық тақырыбында материал жазуды ұсынады. Егер СММ маманын тыңдасаңыз, Google іздеу жүйесінде «Facebook желісіндегі вирустан қалай құтылуға болады» деген сұрау бойынша үшінші орын аласыз және ондаған мың пайдаланушы сізге алғысын айтатын болады.


Редакцияның белсенділігі


Әлеуметтік желі тек жазатын материалыңыздың дереккөздерінің бірі ғана емес, сонымен қатар редакция мүшелерінің тіршілік етер аумағы да. Журналист жазған материалдарын пайдаланушыларына тұрақты түрде ұсынып отыруы тиіс. Егер бұлай жасамаса, журналистің өз жұмысына көңілі тола ма, толмай ма деген сұрақ туады. Өз парақшасында редакцияның үздік мақалаларымен бөліспейтін бас редакторға күмәнмен қарауға болады. Редактор мен журналистер – басылымның әлеуметтік желідегі бет-бейнесі, бейіл аудиторияны қайтару да осылардың қолында. Сондықтан, аудиторияның қалауына бей-жай қарамау керек.