Редактор СММ маманнан не сұрауы керек?

Редактор әлеуметтік желі жөніндегі маманға қоюы тиіс сұрақтардың бір парасы төмендегідей:

  1. Аудиторияның бір айлық көрсеткіші қандай? Оның саны маңызды. Дегенмен, сапасы одан гөрі маңызды: жынысы, жасы, географиясы, қызығушылығы. Қандай өзгерістер болды және ол немен байланысты болуы мүмкін? Маусымдық тренд пе, «жаға ұстатар» жаңалықтың болуы ма? Егер аудитория азайған болса, ол қалай әсер етті? СММ маман осы сауалдардың бәріне жауап бере алуы тиіс.     
  2. Редакцияның үздік материалдарын насихаттауда негізгі және ақылы (сапасы жөнінен) қамтылудың үлес салмағы қандай? Егер жақсы материалдың оқылымы аз болса, маманмен бірлесе отырып сәтсіздіктің себебін анықтауға тырысыңыз. Оның себебі тақырыбының ұзақ болуы, мәтінге сәтсіз жазылған комментарий, суретінің сәтсіз болуы, автордың мақсатты аудиторияны дұрыс бағамдай алмауы, СММ маманының да аудитория жағынан қателігі болуы мүмкін.   
  3. Әлеуметтік желідегі оқырманды сайтқа қызықтырып, оны кор-аудитория құрамында қалдырудың жолы қандай? Ол үшін олармен бірге жобаның идеясына сай келетін мәтін жаза аласыз, сонымен бірге бейіл аудиторияны қызықтыра аласыз. Тіпті, конкурс секілді тетіктің өзін медианың идеясына сай жүргізуге болады.      


Барлық деректерді редакциямен бөлісіңіз. Бір-біріңізді алмастыра алмассыздар, бірақ редакция өзінің шынайы аудиториясын және олардың қызығушылығын білуі тиіс. 


Кикілжің де болады. Одан қашып құтыла алмайсыз және ол жаман да емес. Редакция жұмысына араласпайтын СММ маманы медиа үшін нашар маман екенін естен шығармаңыз.