СММ маман үшін

Өкінішке қарай, бір мақалада СММ маманның жұмысын егжей-тегжейлі көрсетіп, кейстерді ұсыну мүмкін емес. Бір жақсысы, ол керек те емес. Өйткені, мақсаты айқын әрбір медиажобамен жұмыс өзінше бөлек және әрдайым жаңа шешімдер ойлап табуға тура келеді. Сондықтан келесі бөлімде СММ маманының медиадағы жұмысының негізгі принциптерін, негізгі технологиялар мен болашақ бағыттарын айтамын.