Принциптер

  1. Медиадағы СММ маманы – редакцияның бір бөлшегі. Әрине, ол таңнан кешке дейін редакцияда отырмауы да мүмкін, өйткені оның негізгі құралдарының барлығы да желіде. Оның үстіне, жұмысын дұрыс жолға қойып алған СММ маманына смартфон мен 3G жеткілікті, осылардың көмегімен-ақ ақпарат толқынына ілесіп отырғанымен, бәрібір редакциямен байланыс керек. Кез келген медианың негізі (қажетті идея мен миссиядан бөлек) – адам, яғни мәтін жазатын, СММ маманының нақты пайдаланушыға қажет екенін түсіндіріп беруімен контент жасайтын журналистер. Ең кемінде аптасына екі рет СММ маман редакцияға келіп, лездемеге қатысып, тақырыптарды талқылау кезінде өз ойын білдіріп, программистпен және аналитикпен әріптестік байланыста болуға (немесе өзі веб-аналитик болуға), қажет болған жағдайда редакцияда түнеуге де дайын болуға тиіс.  
  2. Сіздің негізгі міндетіңіз – желіде медианың бет-бейнесін қалыптастыру. Мақсатты оқырман сенетін, сұрақ қоя алатын және басқаларға да ұсынатын кәдімгі тірі адам. Екінші негізгі міндет – идея, стилистика, сөйлеу мәнері арқылы оқырманның күткен үдесінен шыға білу. 
  3. Бас редактордікі әрдайым дұрыс. Сайттағы мәтіндерге қатысты осылай. Ал әлеуметтік желіге қатысты мәселеге дауласуға болады және дауласу керек те.  
  4. Безендіру және таргетинг ережесі – бұлжытпай орындауға тиіс алты ереже


  1. Егер мақсатың алматылықтар болса, Астана қаласына жарнама жасама және вегандар үшін ет зауытын жарнамалаудың керегі жоқ. 
  2. «18-65 жас. Қазақстан» деген деген аудитория жоқ екенін, болмайтынын есте сақта.
  3. Әрдайым жазбаларға редакцияның қосымшасын жазу керек. 
  4. Сенбі күннің ерекшелігін есте сақта, ерте уақытта хабарлама жіберме, сондай-ақ, кешкі мезгіл мен мейрамдарды да ұмытпаған жөн. 
  5. Аздаған ирония мәжілістің отырысы туралы көңілсіз есептің өзіне назар аудартуы мүмкін екенін ұмытпа. 
  6. Ал қалғанының бәрінде эксперименттен қашпау керек.