Технологиялар мен құралдар

  1. Бізге керек технологияның барлығын дерлік мамандар әлдеқашан жасап қойған. Яғни, әлеуметтік желідегі ресми қосымшалар, жарнамалық мен және Facebook, VK желілеріндегі корпоративтік аккаунттар, видеоканалдар мен тікелей трансляциялар, чат-боттар және браузердің пуш-хабарламасы. Бастысы, оқырманды жалықтырып алмай, барлығын бақылауда ұстау керек.    
  2. Бір әлеуметтік желі (ең көп дегенде екеу) аудиторияны жинайтын, оның қаңқасын қалыптастыратын, оларды әлпештейтін, сақтайтын және санын арттыратын негіз бола алады. Қалғанының барлығы осыған қосымша ретінде жүреді.   
  3. СММ үшін ақылы шешімдерден еш кемдігі жоқ тегін шешімдер де толып жатыр. Дегенмен, аса қымбат емес бір шешімді сатып алуға тура келеді – novapress.ru. жарияланымдардың жоспарлаушысы. Егер СММ бөлімінде бір ғана адам болса және ол бір негізгі желімен жұмыс істейтін болса, бұл сервис РСС арқылы автоматтандырылған жарияланымдардың көмегімен басқа негізгі арналардың барлығын сауатты түрде қамтуға мүмкіндік береді. Егер екеу және одан көп болсаңыздар, автоматикадан бас тастыңыз, қолмен жасалатын дүние әрқашан жақсы екенін ексеріңіз.