Жарнама науқаны

Парақшаның жарнамасы. СММ маманының негізгі міндеттерінің бірі – ресурстың парақшасына бейіл аудиторияны тарту. Фейктер мен мультиктерді қаптатудың керегі жоқ, тірі пайдаланушылар керек. Бюджеті 50 доллар болатын жарнамалық хабарландыруды сауатты жазу мен таргетинг сізге жаңа 1500 пайдаланушы береді. Хабарландыру лентада ерекше көзге түсіп, назар аудартуы тиіс. Қарапайым мысал: ішіне әлдебір зат тұрып қалған адамның рентген суреті. «Тақырыптан да маңызды» деген жазу. «Ең маңыздысы – детальда» деген комментарий. Таргетинг: жазылушыларыңыздың достары. Тиімділігі: аптасына 1300 тірі жазылушы және 35 доллар. 

Жазбалардың жарнамасы. Тек қана cornerstone articles. Тек мақсатты аудиторияға бағытталған жазбаларды ғана жарнамалаңыз. Ақша үшін жаңалықтар агрегаты үшін трендтегі жаңалықты жарнамалаудың қажеті жоқ, тек журналист оған мүлде жаңа көзқараспен келсе ғана назар аударуға болады. Жарнаманың мақсаты – жазылушыларды арттыру, олар үшін сіздердің медиа маңызды ақпарат көзі болуы тиіс, оларға мақалалардың көрілімін арттырушы деп қарамау керек. Таргетинг парақшаға жазылушылар (олар барлық жазбаны көреді) мен олардың достарынан бастап, мақаланың тақырыбы қызықтыратын немесе сіздерге географиясы керек аудиторияға дейін өзгеруі мүмкін.