Перспектива және қазақстандық БАҚ игермеген ресурстар

ВКонтакте. Бұл желі Қазақстандағы кіру көрсеткіші жөнінен YouTube пен Google іздеу жүйесінен кейінші үшінші орында. Facebook тек 26-орында. Алайда, жасөспірімдерге арналған желі деген көзқарастан ба, әлде пабликтерге арналған интерфейстердің көп уақыт дамымауынан ба, көптеген қазақстандық медиа бұл желіде жұмыс істеуге үрке қарады. Әзірге ВКонтакте желісінің қазақстандық сегментінде тек аймақтық БАҚ пен ашықтан-ашық трэш қана бар. Ал онда ең аз дегенде 25 жастан 35 жасқа дейінгі 400 000 қазақстандық отыр, БАҚ үшін ең керек аудитория. Оларға дәл сол жерде керек болуға талпынып көріңіз. 

Telegram. Бұл мессенджердің қазақстандық сегментінде ешқандай БАҚ-тың тіпті мың жазылушысы да жоқ. Осы мақаланы жазу кезінде ең ірі канал TengriNews сайтына тиесілі болды, олардың 600-ге жуық жазылушысы бар. Яғни, кеңістік бос деген сөз. Бұл аудиториямен өзара байланыс орнатуға ең тиімді канал, конверсия (жазбаны көргендер мен сілтеме бойынша өткендердің ара қатынасы) 80%-ға дейін. Тек мұнда сіздің басылымды оқуға толығымен бейіл кор-аудиторияны жинай білуіңіз керек. Соған сай, бұл мессенджердегі стратегия да бөлек – редакция ұялмай көрсете алатын және мақсатты аудитория үшін маңызды деген тақырыптық контентті ғана бөлісуге тырысу керек. Олай болмаса, лояльді оқырманды жоғалтып, каналдағы аудиторияны үнемі алмастырып отыруға тура келеді.